«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Жамбыл облысының намысын қорғап қайтқан Ережеповтерді Тараз жұртшылығы темір жол бекетінен күтіп алды. Отбасындағы береке, баланың ата-анаға деген құрметі, өзара сыйластық - бақытты шаңырақтың басты негізі екендігін танытып қайтқан жерлестерін көпшілік жүлделерімен құттықтап, байқаудан алған әсерлері жайлы сұрап білді.
Күнделікті күйбең тірлікте бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау, тату-тәтті күн кешу секілді отбасы құндылықтарын ұмытпай, дәріптеп отыратын Ережеповтерге облыс атынан ұлттық байқауда бақ сынау бұйырған.
Ғани Қалмаханов