Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті

23.09.2014
Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті

Бельгия жұрты жылдағы дәстүр бойынша темір тұлпарларын велосипедке ауыстырып, айтулы мерекені 13-ші рет атап өтті.

Бұл күні қалада автобус, трамвай мен санаулы таксиден өзге көлікке көшеде жүруге рұқсат жоқ. Жүре қалса, айыппұл төлеп, біздіңше 30 мың теңгесінен айырылады.

Шараның мақсаты - халықтың қалтасын қағу емес, оларды экологиялық таза көліктерге көшуге үндеу.

Экологтар автокөліксіз бір күнде қаладағы шу 6-8 есе, ал ауаға тарайтын қауіпті микробөлшектер 3-4 есеге азайғанын айтады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

Хабарламаларға жазылу