Бүгін Сенатта «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.
Құжаттың басты мақсаты - террористік ұйымдардың жолын кесуге ықпал ету.
Бас прокуратураның келтірген деректеріне сүйенсек, 2011 жылдан бері Қазақстанда 10-нан астам террористік оқиға болып, 21 адам қаза тапқан. Оның 17-і - құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлері.
Сондай-ақ, еліміздің 100-ден астам азаматы шетелдік террористік ұйымдардың ықпалында жүр.
Индира БЕГАЙДАР