Бүгін билік партиясы бірнеше облыстың мәдени салаға жауапты өкілдерін шақырып, өңірлердегі мәдениет ошақтарының жай-күйі мен мәдени саясатты жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сарапшы мамандар «Соңғы кезде мәдени салада біршама өрлеу бар. Ірі қалаларда зәулім театрлар, өнер сарайлары салынып жатыр.
Бірақ, бұл мәдени саясаттан респбуликаның алыс аудандары мен ауылдары шет қалмауы керек», дейді.
Жиында мәдениет нысандарын дамытуға бағытталған бірыңғай жүйе қабылдау қажеттігі айтылды.
Нұрбек БЕКБАУ