Биыл Қазақстанның ең ірі индустриалды аймағы - Шығыс Қазақстан облысында өңірдегі өндіріс көлемі 705 миллиард теңгеге жеткен. Былтырғы жылмен салыстырғанда 108 пайызға көп.
Облыс индустриалды-инновациялық бағдарламаға 62 жобасын енгізген. Құны 685 миллиард теңгені құрайтын жүйелі жобалар толықтай жүзеге асса, 600 миллиардтан астам өнім шығарылады, 100 миллиард теңгеге жуық қосымша салық түседі.
Аймақта ауыл шаруашылығы айтарлықтай жақсы дамыған. Саланың жалпы ішкі өнімі 123,7 миллиард теңгеге жеткен.
Облыс әкімдерінің рейтингі бойынша Бердібек Сапарбаев Астана мен Алматыдан кейін үшінші орында тұр. «Бұл баға маған маңызды міндет жүктейді»,- деді әкім.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ