«Мейірімді қалаға» айналудың алғышарты талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мейірімді қалаға» айналудың алғышарты талқыланды

27.09.2014
«Мейірімді қалаға» айналудың алғышарты талқыланды

«Балаға мейіріммен қарайтын қала». Осыдан 18 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры жаһандық бастама көтерген еді. Балалардың өмір сүруі мен қауіпсіздігі үшін ең қолайлы қалаларға осындай атақ беру туралы шешім шығарған.

2006 жылдан бері Қазақстанның 20-дан астам қаласы жаһандық бастамаға қосылды. Бүгін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысында бастаманың нәтижелері сараланды. Мейірімді қалаға айналу үшін алдымен жасөспірімдер арасында шығып тұрған ғасыр дерттерін ауыздықтау керектігі сөз болды. Суицид, қыздардың мектеп жасында жүкті болып қалуы секілді әлеуметтік мәселелерді шешу жайы талқыланды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу