Семейдегі №19 мектептің асханасында астан ұшынғандар саны 56-ға жетті. Өткір ішек инфекциясына шалдыққан деген диагнозбен жұқпалы аурулар ауруханасына әуелі 8 оқушы түскен еді.
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, сенбі күні осы диагнозбен тағы 32 бала жатқызылған. Бұдан бөлек, 22 оқушы үйлерінде емделуде. Асхананың 2 қызметкері де ұшынған.
Ержан ЖАҚЫП