Қызылжардағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тәулігіне 300-ден астам полицей шығады. Бұған қоса 6637 әскери бөлімінің 100 жауынгері қала бойынша кезекшілік атқарады.
Күнделікті кезекшілікке шығатын тәртіп сақшыларына басшылық тарапынан нақты тапсырмалар беріледі. Соған сәйкес, қоғамдық орындар мен жолдағы қауіпсіздікті күшейту шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ал, демалыс күндері тәртіп сақшыларының қатарын департамент аппаратының қызметкерлері толықтырып отырады.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ