Үкіметтік емес ұйымның салмағы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік емес ұйымның салмағы артады

29.09.2014
Үкіметтік емес ұйымның салмағы артады

Жуырда үкіметтік емес ұйымдардың мәселесіне қатысты заң қабылданбақ. Осыған орай, Қазақстан азаматтық альянсы кейбір заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.

Бүгін Алматыда альянс бастамасымен бірнеше үкіметтік емес ұйым басшылары бас қосып, қоғамдық ұйым жұмысына қатысты заң жобасына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылады.

Қатысушылардың айтуынша, ел заңнамасына сай үкіметтік емес ұйым жұмысын қаржыландыру біржақты іске асырылады. Яғни, тапсырыс беруші талабына сай, мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу