Қарттарға көрсетілетін әлеуметтік көмек арта түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттарға көрсетілетін әлеуметтік көмек арта түседі

01.10.2014
Қарттарға көрсетілетін әлеуметтік көмек арта түседі

Биыл қарттарға әлеуметтік көмек ретінде 9,5 миллиард теңге қарастырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік көмек көрсету департаментінің директоры Арман Өмірбаевтың айтуынша, қомақты қаражат 540 мың қарияға көмек көрсетуге жеткілікті.

Бұдан бөлек мемлекет казынасынан Жеңістің 70 жылдығына 5,7 миллиард теңге бөлінді. Қаржы ардагерлерді марапаттап, оларға материалдық көмек көрсету үшін жұмсалмақ.

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу