Баспасөзге жазылудың жаңа науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспасөзге жазылудың жаңа науқаны басталды

01.10.2014
Баспасөзге жазылудың жаңа науқаны басталды

Дәл қазір отандық ақпарат айдынында 1357 газет бар. Оның 360-тан астамы қазақ, 500-і орыс, ал, өзгесі екі-үш тілде қатар шығады.

Соңғы бір жыл ішінде қазақстандық бірқатар газет интернет басылымға айналды. Мұның өзіндік себебі бар, дейді басшылары.

«Қазпошта» мекемесінің дерегінше жыл сайын 2 миллион 500-дей адам газетке жазылады екен.

Сейілбек Усин бір күнін газетсіз елестете алмайды. Соңғы мақаласы осыдан 20 күн бұрын ғана басылды. Тағы біреуі жазылып бітуге таяу. Ардагер-журналист газетке түскен әрбір таңбаның ертең тарихқа айналарына сенеді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу