Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында бруцеллезден ұсақ мал қырылып жатыр. Бір ғана «Ақсай» қыстағында осы аурудан 800-ден астам қой арам өлген. Аудандық прокуратура өкілдерінің айтуынша, бұған өңірдегі ветеринарлық инспекторлар кінәлі.
Олар шаруа қожалығындағы ұсақ малдан бруцеллез дертін анықтаған соң, оны жою туралы шешімді тек бір айдан кейін ғана қабылдаған. Ал, заңға сәйкес, қауіпті індетті жұқтырған малдар дереу оқшауланып, арнайы орында өртелуі тиіс.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ