Сенат депутаттарын сайлау науқаны Конституциялық нормалар мен талаптарға сай өтті. Парламенттің жоғары палатасына 16 депутат, яғни әрбір облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір-бір адамнан сайланды.
Барлығы 88 үміткер ұсынылған, жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерге 39 кандидаттың тегі енгізілді. Республика бойынша таңдаушылардың 98,7 пайызы дауыс берді. Сайланған Сенат депутаттарының орташа жасы - 56.
Ғалым КӘЛМЕН