Кәсіпкерлер жемқорлықпен күресуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер жемқорлықпен күресуге кірісті

02.10.2014
Кәсіпкерлер жемқорлықпен күресуге кірісті

Жемқорлықтың 76 пайызы мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі. Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясы бірлесіп өткізген жиында белгілі болды.

Кәсіпкерлер партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектен өздеріне қорған болуын сұрады. Себебі, олардың тірлігін тіктеп, кәсібін дөңгелетіп әкетуіне кедергілер жетерлік. Соның бірі - жер мәселесі. Отандық бизнес саласындағы жемқорлықты жою үшін, кәсіпкерлер «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына» бірнеше түзету енгізуді сұрады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу