Астанада БАҚ, әдебиет пен өнер саласының жас мамандарына арналған жатақхана қалашығын салу керек. Мұндай ұсынысты бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында сенатор Нұрлан Оразалин айтты.
Оның айтуынша қазіргі таңда Қазақстанда 252 электронды БАҚ, 146 теле-радиокомпания, 88 телекомпания мен 58 радиокомпания және 98 кабельдiк оператор мен 1364 газет жұмыс iстейді. Ал, осы жерлерде жұмыс істейтін жас мамандар мен журналистердің дені жас отбасылар екен. «Мына нарықтық заманда жас отбасыларға жағдай жасау тәуелсiз елiмiздiң iшкi берiктiгi мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жүргiзiлер шара», - деді депутат.
Индира БЕГАЙДАР