Бүгін орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаты болып сайланған азаматтардың тізімін жария етті. Парламенттің жоғары палатасы 75 пайызға жаңарды.
Сайланған депутаттардың орта жасы - 56 жас. Арасында бір ғана әйел адам бар. Сайлау қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын өткізген халықаралық бақылаушылар - бірауыздан саяси науқан әділ өтті деген баға берді. Айта кету керек, Парламенттің жоғары палатасы 47 депутаттан тұрады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ