«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы Қызылорда облысында кәсіпкерліктің дамуына дем беруде. Тақтайдай тегіс, халықаралық талапқа сай жолдың бойынан көпшілікке қызмет көрсету орталығын салуға ниеттілер қатары көп.
Қазірдің өзінде трансқұрлықтық магистраль бойынан кәсібін ашып, нәсібін көріп отырғандар да баршылық. Осылайша, иен дала игеріліп, елді мекендердің тірлігіне қан жүгіруде.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ