Азаматтық қорғаныс саласы мамандарының төтенше жағдайларға әзірлігі қалай? Ақтөбеде өткен командалық-штабтық оқу-жаттығулары кезінде мамандар өз дайындықтарын көрсетті. Газ тарату мекемесінің полигонында республиканың әр аймағынан келген мамандар апатты жағдайлардың алдын алудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Командалық-штабтық жаттығуларға өңірдегі мұнай өндірумен айналысатын мекемелер де қатысты. 8 техника мен 30 адам жұмылдырылды.
«Апат айтып келмейді». Төтенше жағдай кезінде азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері ұйымдасқан түрде бірлесе қимылдауы қажет. Сондықтан, бұл оқу-жаттығу шарасы арқылы мамандар шеберліктерін шыңдап, тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алып отыр.
Жақсыбек КЕМАЛ