Бүгін - Құрбан айт мейрамы басталды. Ислам әлемі аңсап күткен мерекені үш күн бойы тойлайды. Себебі, қасиетті айт елдің береке-бірлігін күшейтіп, адамзат баласының бауырластығын арттырады.
Таңертең еліміздегі барлық мешіттерде Құрбан айт намазы оқылды. Бұл ұлық мерекені астаналықтар да ерекше ықыласпен қарсы алды.
Орталық мешітке жиналған қауым қарасы көп. Ішке сыймағандары, имандылық үйінің сыртына жайнамаз төсеп жайғасты. Осылайша, жамағат тізе қосып, таңертең Құрбан айт намазын оқыды.
Алмат ӘБДІРАМАН