«Шын жүректен» - қымбат ем алуды қажет ететін ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және тұрмыстың тауқыметіне душар болған азаматтарға көмек ретінде қаражат жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы.
Мақсаты - барша халықты жақсылық пен жылулықты бөлісуге үндеу.
Қайырымдылық телемарафонына қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, ақын-жазушылар, спортшылар, дәрігерлер, сырқатты жеңген жандар қатысады. Ал, Қостанай, Өскемен, Орал, Тараз және Алматы қалаларындағы филиалдар тікелей эфирге қосылады.
Әлеуметтік желілерде #ШынЖүректен хэштегімен жазылған хаттар да назарда болады.
Телефон: 55 32 87, 48 63 19
Код: 8717 2
Жедел желі: 8 800 070 08 30
Ассамблея қорының электронды поштасы: ankfond@mail.ru
Есепшот:
ИИК KZ54319Y010000361999
БИК ABKZKZKX
АО «БТА Банк» Филиал «Астана»
БИН 090 240 010 377 КБе 18
Айта кетейік, «Шын жүректен» - «Қазақстан» РТРК және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ҚҚ-ның бірлекскен жобасы. Алғаш рет 2016 жылдың сәуір айында жүзеге асырылды.
Сіздерді Ұлттық арнамен бірге телемарафонға атсалысуға шақырамыз!