Қазақстанда «Сапар» деген атпен жасалатын көліктер өндіріске енгізілуі мүмкін. Бұл семейлік Еркебұлан Амангелдиновтың ұсынысы.
Еркебұлан осыдан екі жыл бұрын көліктердің сыртқы бөлшектерін оюлап жасауды ұсынған. Сол жылы жобасын Астанада өткен «Инновациялық Қазақстан» идеялар байқауында таныстырды.
Жас автодизайнердің жаңашылдығын жылы қабылдағандар көп болғанмен, қолдау таппады. Енді, Еркебұлан бастаған ісін дамытып, темір тұлпардың бөлшектерін ғана емес, тұтастай пішінін жасап ұсынып отыр.
Ержан ЖАҚЫП