Елімізге есірткінің жаңа түрі қауіп төндіріп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге есірткінің жаңа түрі қауіп төндіріп тұр

06.10.2014
Елімізге есірткінің жаңа түрі қауіп төндіріп тұр

Елімізде есірткінің жаңа түрі пайда болды. Бағасы арзан, сатылуы жеңіл синтетикалық нашаның салдарынан өз-өзіне қол салушылар қатары көбейген.  Жаға ұстарлығы, олардың дені 14 пен 21 жас аралығындағы жастар.

Құрамында түрлі психотропты заттардан бастап тышқан уы мен ит-мысықты емдейтін дәрілер бар экстази есірткісі адамды ақылынан адастырады,  бей-берекет билеуге, тоқтаусыз көңіл-көтеруге итермелейді. Ал мұны арақпен қосып ішкен адам ажал құшады. 

Ал, құзіретті органдардың синтетикалық есірткілермен күресуге қауқары жоқ. Себебі, бұл препараттар психотроптық және наркотикалық заттар тізіміне енгізілмеген. Сәйкесінше сот жоқ! Ал мамандар синтетикалық нашаның әсері марихуанадан әлдеқайда күшті екенін айтып дабыл қағуда.

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу