Қандастарымызды азаматтық алу мәселесі алаңдатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандастарымызды азаматтық алу мәселесі алаңдатады

06.10.2014
Қандастарымызды азаматтық алу мәселесі алаңдатады

Осыдан біраз уақыт бұрын Қытайдан көшіп келгісі келетін қандастарымыз туралы айтқан болатынбыз. Олар азаматтық алғысы келеді. Бірақ, түрлі қиындықтарға тап болуда. Осыған орай Ішкі істер министрлігіне хат жазып, жауабын алып отырмыз.

Хатта «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 1-тармағына сәйкес заңсыз келген, сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшiн және өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған  көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады делінген. Сол себепті өз тарапымыздан қосарымыз, әуелі құжат мәселесіне тиянақты болған жөн дейміз. 

Хабарламаларға жазылу