Ұлытауда 20 тұрғын үй пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытауда 20 тұрғын үй пайдалануға беріледі

07.10.2014
Ұлытауда 20 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданының орталығында жақын күндері 20 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Бұл ауданның 75 жылдық мерейтойы қарсаңында ауыл халқына жасалған тарту, дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері.

«Қолжетімді баспана» бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің басым бөлігі жас мамандарға, жас отбасыларға үлестірілмек.

Құрылыс жұмыстарына мемлекеттік қазынадан 244 миллион теңге бөлінсе, бүгінгі күні соның 90 пайызы игерілген.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу