Емдеу мекемесі науқастарға етсіз тамақ беруге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емдеу мекемесі науқастарға етсіз тамақ беруге мәжбүр

07.10.2014
Емдеу мекемесі науқастарға етсіз тамақ беруге мәжбүр

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы туберкулезге шалдыққан жандарды емдейтін шипажайда науқастар етсіз тамақ ішетін болды.

Себебі емдеу мекемесінің қызметкерлері мердігер «Ханасыл» серіктестігі жеткізетін етті қабылдамай қойды. 

Жеке кәсіпкер төрт күннен бері ет әкелмей қойған. Ал, бүгін жеткізілген ет арық, әрі тұрып қалған. Сондықтан емделушілерге сиыр етінің орнына тауық етін жеуге тура келді.

Осындағы мамандардың сөзінше, мұндай жағдай жиі қайталанатын көрінеді. Етпен қамтамасыз етуші жеке кәсіпкер өз жұмысына салғырттық танытып, тауарды қалай болса, солай жеткізетін көрінеді. Тіпті, ет тасымалдайтын техниканың өзі талапқа мүлдем сай келмейді.

Айнұр АҚБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу