Арал - Қызылорда облысының батысындағы шалғай аудан. Теңізді жағалай қоныстанған ауылдағы ағайынның ежелден-ақ басты кәсібі балықшылық. Ал, байлығы – тұз бен кварц құмы.
Бұған дейін жүріп тұруы негізінен теміржолға тәуелді болған аралдықтар енді қолындағы барын автокөлік арқылы да саудаға шығара бастады. Яғни, бұл ретте аралдықтарға «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» дәлізі шапағатын тигізіп отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ