Ақтау қаласындағы қарияларға дәрігерлік көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласындағы қарияларға дәрігерлік көмек көрсетілді

14.10.2014
Ақтау қаласындағы қарияларға дәрігерлік көмек көрсетілді

Ақтау қаласындағы қарттар үйінде 112 қария медициналық тексерістен өтті. Оның 48-і арбаға таңылған.

Қарттар үйінде дәрігерлерден тек терапевт маманы бар. Сондықтан да қариялардың сала дәрігерлеріне көрінуге мүмкіндігі бола бермейді.

Жылжымалы кешенмен жеткен жүрек, көз, құлақ, тіс дәрігерлері қарттар үйінің тұрғындарын жіті тексерістен өткізіп, әр қайсысына жеке кеңес берді.  

Жазира ӘБІЛ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу