Павлодар облысы, Павлодар ауданы мұғалімдерін қайта оқыту қажеттілігі туындап отыр. Себебі, олар күнделікті оқытып жүрген пәндері бойынша тест тапсыра алмады.
Дерекке қарағанда тест тапсыруға 300 мұғалім қатысқан. Олардың 29-ы ғана өз пәндері бойынша 25 балл алды. Басқалары сынақтан өте алған жоқ.
Осыған байланысты оқушылардың жазғы демалысы уақытында аудандық әкімшілік тарапынан ұстаздар біліктілігін жетілдіру курсы ашылған. Оған түрлі сылтау тауып бармаған.
Болат АМАНБАЕВ