Қыркүйектің 25-і күні қаладағы №19 жалпы білім беретін орта мектепте «тамақтан ұшынды» деген күдікпен бірден 70 бала тіркеуге алынған болатын. Олардың 32-і жұқпалы аурулар емханасында ұзақ уақыт емделді. Тіпті екі бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен.
«Сальмонеллездік инфекция» жұқтырған оқушыларды қазір дәрігерлер емдеп, түгелдей үйлеріне босатқан. Бүгінде олардың барлығына сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Прокуратура өкілдері «оның нәтижелері дайын болғаннан кейін, кінәлілер «Абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан санитария-эпидемиологиялық ережелердi бұзу» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деп отыр.
Ержан ЖАҚЫП