Теміртаулық тұрғын қаладағы стадионның биік мұнарасына шығып, секірмекші болды. Ол қала прокурорының келуін талап етті. Көп ұзамай жеткен құзырлы орган қызметкерлеріне Серік Жарынов осылайша жоғарыда отырып, өз наразылығын жайып салды.
Айтуынша, Қанат есімді полицей оған қысым көрсетіп, ұсақ қылмыстар жасауға итермелеген. Сөйтіп, жұмысын бастықтарының алдында жақсы етіп көрсетпек болған.
Бұл жөнінде прокуратураға сан рет шағымданса да құлақ асар жан табылмаған. Амалым таусылған соң назарды осылай аударуға бел будым, дейді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ