Ақтау қаласындағы 66/56 әскери бөлімінің сарбазы оқтан жараланды. Биыл күзде Жамбыл облысынан шақыртылған сарбаз тәртіппен түзеу мекемелерінің бірінде күзетте тұрған жерінде қолындағы қаруынан өзіне оқ атқан.
Оқиға орнынан жедел түрде ауруханаға жеткізілген оған операция жасалды. Рота командирлері оның тәртібі жақсы екенін айтады. Оқыс жағдайдан соң да сарбаз азаматтық борышын өтеуді жалғастыра беретінін жеткізген.
Қазір осы дерек бойынша әскери прокуратура тергеу жүргізуде
Жазира ӘБІЛ