Жетім жанұя жылуынан қағылмауы тиіс. Дәл осындай ұранмен бүгін елордада қоғамдық тыңдаулар өтті. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысымен қолға алынған шараға балалар үйі өкілдері, тастанды балаларды қамқорлығына алған ата-аналар мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Тыңдалымға келгендер аталмыш салада қордаланған түйткілдерді талқыға салды. Оларды шешуге жұмсалатын қаржы, балаларға материалды, психологиялық және педагогикалық көмек те сөз болды.
Әлия ӘШІМ