Павлодарға 150 жас маман келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарға 150 жас маман келді

17.10.2014
Павлодарға 150 жас маман келді

Павлодардың медицина саласында қызмет көрсету сапасы жақсаратын болды. Биыл облысқа жоғары білікті 150 жас маман келді. Олардың 130-ы жұмысқа қабылданып, 20-сы кәсіби біліктіліктерін жетілдіру үшін арнайы курстарға жіберілді.

Павлодар - медициналық кластерді дамыту бойынша көш бастап келе жатқан аймақтардың бірі. Жаңа аурухана мен емхана салынып жатыр. Технология жаңарды. Жас мамандардың бұд өңірге бет бұруының басты себебі осы.

Бұрын Павлодарға еліміздің медициналық білім ошақтарынан 10, әрі кетсе 20 түлек келетін. Бүгін жастарға жолбасшы болу үшін аға буын өкілдері тарапынан арнайы топ жасақталды. Шалғай ауылдарға жолдама алған жас мамандарда солардың қамқорлығында болады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу