Стадионның қақпасын құрылыс нысаны жауып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стадионның қақпасын құрылыс нысаны жауып тастады

17.10.2014
Стадионның қақпасын құрылыс нысаны жауып тастады

Семейдің сол жағалауда орналасқан стадион әкімшілігі қиын жағдайға тап болып отыр. Өйткені, спорттық нысанға жапсарлас жерге кәсіпкерлердің бірі құрылысты бастап кеткен.

Салынып жатқан нысан стадионның қақпасын жауып қалған. Спорттық нысан басшылары, кәсіпкерге батып ештеңе айта алмай отыр. Өйткені оның қолында барлық қажет құжаты бар.

Жергілікті кәсіпкер стадион сыртындағы жер телімін амалын тауып рәсімдеп алған. Енді  қақпаға тіреп тұрып көлік жөндеу бекетін салып жатыр.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі де  бұл мәселеден хабардар. Алайда, ешқандай шара қолдана алмаймыз, дейді. Себебі, стадион тұсындағы жер учаскесі қаланың бас жоспарына енбей қалған. Сондықтан қате рәсімделіп кетуі мүмкін, деген жауап айтты.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу