Өркениеттен тыс қалған ауыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өркениеттен тыс қалған ауыл

17.10.2014
Өркениеттен тыс қалған ауыл

Батыс Қазақстан облысының орталығына жақын орналасқан Зеленое елді мекенінің тұрғындары ауызсу мен көгілдір отынға зәру болып отыр. Бұл аздай ауылды қаладан бөліп жатқан Шаған өзенінен өтетін көпір де жоқ.

Қолдан жасалған салмен  арлы-берлі жүзіп өту басыңды қатерге тігумен бірдей. Жұрт амалсыздан тас лақтырым жердегі  облыс орталығына бару үшін бірнеше шақырым жолды айналып жүруге мәжбүр.

Көгілдір отын Зеленоемен қойы қоралас, үйлері аралас жатқан ауылдардың барлығында бар. Жақын жатқан газ желісінің қашықтығы небәрі бір жарым шақырым. Билік құнттаса, 15 жыл бұрын тартып тастауға болар еді деп налиды жұрт.

Рауан ДИӘЛИ 

Хабарламаларға жазылу