Алаяқ адвокаттар азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқ адвокаттар азаймай тұр

17.10.2014
Алаяқ адвокаттар азаймай тұр

Абай болыңыз, алаяқтар арамызда жүр. Ал, алаяқтар адвокаттар болса, ең қиыны сол. Себебі, бүгінде елімізде алаяқ адвокаттарға алданған азаматтар жиілеп кетті. Шаруаны шешу үшін көп асаймын, деп темір тордың ар жағынан шыққан қорғаушылар да аз емес.

Астана қалалық сотының осы жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша статистикалық деректеріне сүйенсек, 1025 іс қаралған. Оның 105-і алаяқтық іс. Ал, қылмыстың 40 пайызын әйелдер жасаған.

Құзырлы орган қызметкерінің айтуынша, биыл елордада адвокат боп жұмыс істеген А. деген азаматша қасақана, әрі пайдакүнемдік мақсатты көздеп, заңды тұлғаны алдағаны үшін сотталған.

Елімізде адвокаттар алқасы жұмыс істейді. Мұндай қылмыстық істерден олар да хабардар. Азды-көпті ақшаға кез келген мәселені мезетінде шешіп беремін, дейтіндер адвокаттар емес, қолында тек сенімхаты бар алаяқтар, дейді алқа төрағасы.

Алмат ӘБДІРАМАН

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу