Нысан құрылысына 700 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Стадионның көрермен залы 1140 адамға есептелген.
Жалпы Алматы облысында көгалдағы хоккей жақсы дамып келеді. Талдықорғанның «Бесарыс» клубы Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы атанса, индорхоккейден әйелдер командасы Азияның үш дүркін чемпионы атанды.
Сондай-ақ көгалдағы хоккейден Қазақстан құрама командасының сапындағы негізгі ойыншылар жетісулық спортшылардан жасақталып отыр. Мамандар жаңа алаңның сапасына жоғары баға берді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ