Мәскеудің «Внуково» әуежайында «Falcon-50» жеңіл моторлы ұшақ құлап, «Total» француз мұнай компаниясының президенті 63 жастағы Кристоф де Маржери қаза тапты.
Халықаралық терминалдың баспасөз қызметі хабарлағандай, апатқа әуе көлігінің ұшу-қону алаңында тұрған қар жинайтын машинамен соқтығысқаны себеп болған.
Алдын ала деректерге қарағанда, апат салдарынан бес адам – жолаушы мен экипаждың үш мүшесі және қар жинайтын көліктің жүргізушісі опат болды.
Мадина МҰҚАНОВА