Түзеу мекемелерінде шағын кәсіпорындар жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түзеу мекемелерінде шағын кәсіпорындар жұмыс істейді

21.10.2014
Түзеу мекемелерінде шағын кәсіпорындар жұмыс істейді

Бүгінде түрмелердің аумағында шағын кәсіпорындар көптеп ашылып жатыр.

Қарағандыдағы АК 159/7-ші түзеу мекемесінің аумағында орналасқан шағын цех бар. Арпа, бидай, бұршақ пен тары және сұлы сынды бірқатар дәнді-дақылдарды сұрыптап, тазалап, қаптап шығарады.

Осы түзеу мекемесінде 800 адам жазасын өтеп жатыр. Солардың 180-і түрме аумағында ашылған түрлі шағын кәсіпорында еңбек етеді. Мәселен, мынау жаңадан ашылған сүт өнімдерін шығаратын цех 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу