Лондонда қазақстандықтардың қатысуымен қайырымдылық марафоны өтті. Акциядан түскен қаражат мұқтаж адамдарға беріледі.
Алғашқы қайырымдылық жарысына 37 адам қатысты. Олардың ішінде корольдікте тұрып жатқан қазақстандықтар да бар.
Студенттер, дипломаттар мен ұлттық компания қызметкерлері балаларға көмектесуге ниет білдірді.
Марафонда 29 жастағы кәсіпкер Гарри Сейвори жеңімпаз атанды. Ол 10 шақырымды 44 минут 45 секунд ішінде жүгіріп өтті.
Дариға ТАШЕНОВА