Шымкентте қоныс колониясынан қашып кеткен сотталушы ұсталды. Ол ИЧ 167/10 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген.
Ол түрме әкімшілігіне ескертпестен, Алматы қаласына кетіп қалыпты. Тек, арада үш күн өткенде ғана жазасын өтеуші осы қаладан ұсталды.
Жауап алу кезінде ол өзге қалаға әйелімен сөйлесу үшін барғанын айтқан. Енді бұл әрекеті үшін жазасын өтеу мерзімі ұзаратын болды.
Айнұр АҚБАЕВА