Ұмыт қалған ер есімі жаңғырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұмыт қалған ер есімі жаңғырды

23.10.2014
Ұмыт қалған ер есімі жаңғырды

Бейсембай Тойсарин қарапайым отбасынан шыққан. Білім жолымен 18 жыл Ресей жерінде болған. Елге оралған соң түрлі саланы дамытуға ден қойған.

«Алаш» партиясының белсенді мүшесі – Бейсембай Тойсарин Советтік қызыл саясатқа қарсы шығып, шаруалардың 1931 жылғы Абыралы көтерілісіне де қатысады.

Сол үшін, қудалауға ұшырап, 1932 жылы сотталған. Одан кейінгі тағдыры белгісіз болып келді.

Тойсарин туралы тың деректерді оның ұрпақтары Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан жақында тапты. Онда қайраткердің 1937 жылы ату жазасына кесілгені жазылған.

Қиын-қыстау заманда елінің дамуына барын салып, басын бәйгеге тіккен қайраткер аталарын енді ұрпағы ұмытпайды.

 

Ержан ЖАҚЫП

 

 

Хабарламаларға жазылу