Атырау қалалық прокуратурасының жүргізген тексерісі барысында екі полицейдің пара алғандығы белгілі болды.
Прокурорлар Атырау қалалық Ішкі істер басқармасындағы әкімшілік құқықбұзушыларға арналған мамандандырылған қабылдау бөлімшесін тексерген.
Нәтижесінде, Атырау қалалық Ішкі істер басқармасы жедел бақылау орталығы кезекшісінің көмекшілері әкімішілік құқықты бұзған азаматтан 50 мың теңге көлемінде пара алып, оны босатып жібергендіктері анықталды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ