Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют ауданында тұратын қос қарияны соққыға жығып, небәрі 6 мың теңгелерін алып кеткен қарақшылар бір тәуліктен соң қолға түсті.
«Ақша бермесеңдер, өлтіреміз», деп қорқытып, екеуін де орындыққа байлап тастаған. Қомақты қаржы болмаған соң, қолына түскендерін алып, телефонның сымын қиып кеткен.
Қылмыскерлердің 30 бен 40 жас аралығындағы 3 ер, 1 әйел адам екені анықталды.
Олардың екеуі бұрын істі болған.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ