Қоғамдық көліктен қауіп көбейді. Бұрын да аз болмаған, бүгінде жол ережесін бұзып, адам қағып кету тіптен жиілеп кетті. Бәйгеге түскен жүйрік аттар секілді, автобустар да бірін-бірі қуып жарысқа түседі. Әсіресе, мұндай көріністі Алматы қаласынан көптеп байқайсыз.
Осыдан екі күн бұрын екі автобус бәсекеге түсіп, бірі адам басып кетті. Өкінішке қарай, қоғамдық көлік қаққан азамат сол жерде қайтыс болды. Қазір жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді оның кінәлі немесе кінәлі еместігі сотта белгілі болады.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ