Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміндегі сарбаз ес-түссіз болғанымен, қан тамырлары соғып тұрған. 11 сағат 47 минутта жеткен жедел медициналық жәрдем бригадасы, құтқаруға бағытталған реанимациялық іс-шаралардан соң оның қайтыс болғанын мәлімдеген.
19 жастағы Ақберген Найзабеков желтоқсан айында әскерден қайтуы керек болатын.
Әскери құқық қорғау органдары қатардағы жауынгер Найзабековтің өзіне-өзі қол жұмсауына не себеп болғанын анықтау бойынша тергеуалды тексерістер жүргізуде.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ