Барлығы 9 үміткердің үшеуі дауыс жинау барысында айқын басымдылық танытып, жеңіске жетті.
Сайлауды ұйымдастырушылардың айтуынша, дауыс беруге жергілікті жұрт айтарлықтай атсалысып, 90 пайызға жуық көрсеткішке жеткен.
Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарына сайлау өтті. Облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттарында 2 мандат бос тұрған болатын. Соларға 4 үміткер ұсынылды.
Сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді. Мәселен, №24 сайлау учаскесінде сайлау таңертең сағат 7-де басталды. Дауыс беруге 2 мың 201 азамат мүмкіндік алды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ