Полицейлер кісі өліміне қатысты қылмыстарды жасырып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер кісі өліміне қатысты қылмыстарды жасырып келген

27.10.2014
Полицейлер кісі өліміне қатысты қылмыстарды жасырып келген

Олар зорлықпен өлтірілген мәйіттерді көре тұра, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. 2004 жылдан бергі  кісі өлімі деректеріне жан-жақты тексеру жүргізген аудан прокурорлары осындай өрескел заң бұзушылықтардың бетін ашты.

Қадағалау органдары өкілдерінің айтуынша, полицейлер табылған мәйіттерді сот-медициналық сараптамадан өткізеді. Алайда, ондағылар «мәйіттер күш көрсетуден қаза болған» деген қорытынды шығарса да, «кісі өлтіру» дерегімен қылмыстық іс қозғалмай келіпті. 

Яғни, ерекше ауыр қылмыстарды жасағандарды іздемеген болып шықты. Соның салдарынан қылмыскерлер жазасын өтеудің орнына, бостандықта еркін жүр. 

Қазірдің өзінде бір ғана Ордабасы ауданының өзінде осындай 14 факті тіркеліп отыр.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу