Мас жүргізушілер азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мас жүргізушілер азаяр емес

27.10.2014
Мас жүргізушілер азаяр емес

Ішімдікке құныққан жүргізушілердің ішінде жасы да, үлкені де, қыздары бар. Бірі арақ ішпедім, қымыз іштім десе, енді бірі жылап, жағдайын айтып ақтала бастады.

Мас күйінде көлік жүргізетіндердің жасы – 16-40 аралығында. Мамандардың айтуынша, бір аптаның ішінде 100-ден астам оқиға тіркеледі.

Өткен жылдың 12 айында Астанада 3 мыңнан астам жүргізуші жазаланған.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу