«Бұрын бұл сыйлықты санаулы адам ғана алған. Сол себепті бұл құрметтің орны бөлек», дейді олар.
Егор Каппель, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл - үлкен жетістік. Ислам қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде Президентіміздің жеткен табысы зор. Одан бөлек, Қазақстанға қандай да бір пайдасы бар кез келген ұйым құрамына кіруге дайынбыз. Қазақстан халқының әлеуетін көтеруге қандай да бір септігі тиетін ынтымақтастық немесе достастыққа біз оң көзбен қараймыз. Бұл сыйлық та Елбасымызға осындай достық саясаты мен ерен еңбегі үшін берілді.
Шерзод Пулатов, Астана қаласының өзбек этномәдени орталығының төрағасы:
Бұл - өте маңызды сыйлық. Ол осы салада көп үлес қосқан адамдарға ғана беріледі. Елбасы Ислам қаржы жүйесінің дамуына 1997 жылдан бастап үлес қосып келе жатыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ